Дуак в геле — инструкция по применению

Инструкция по применению дуака в геле, описание действия препарата, показания к применению геля дуака, взаимодействие с другими лекарствами, применение дуака (гель) при беременности. Инструкции:
Торговое название: Дуак
Международное название: Нет
Лекарственная форма:
Гель для наружного применения, 15 г
Показания к применению:
Атс классификация:
D Дерматологические средства
D10 Препараты для лечения акне
D10A Местные средства для лечения акне
D10A F Противомикробные препараты для лечения акне
Фарм. группа:
Противомикробные препараты для лечения угревой сыпи. Комбинации клиндамицина. Код АТХ D10AF51
Условия хранения:
Хранить при температуре от 2°С до 8 °С, не замораживать. После вскрытия хранить при температуре не выше 25 ºС. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
24 месяца. После первого вскрытия – 2 месяца. Не использовать по истечении срока годности.
Условия продажи:
Без рецепта.
Описание: Однородный гель от белого до светло-желтого цвета.

Состав дуака в геле

1 г геля содержит
1 г гельдің құрамында

Активное вещество дуака

10 мг клиндамицина (в виде клиндамицина фосфата), 50 мг бензоила пероксида безводного (в виде бензоила пероксида водного)
10 мг клиндамицин (клиндамицин фосфаты түрінде), 50 мг сусыз бензоил пероксиді (сулы бензоил пероксиді түрінде)

Вспомогательные вещества в дуаке

карбомер, диметикон, динатрия лаурилсульфосукцинат, динатрия эдетат, глицерол, кремния диоксид коллоидный водный, полоксамер 182, натрия гидроксид, вода очищенная
карбомер, диметикон, динатрий лаурилсульфосукцинаты, динатрий эдетаты, глицерол, сулы коллоидты кремнийдің қостотығы, полоксамер 182, натрий гидроксиді, тазартылған су

Показания к применению геля дуака

Местное лечение acne vulgaris
Acne vulgaris жергілікті емдеу үшін.

Противопоказания дуака в геле

  • повышенная чувствительность к линкомицину, клиндамицину, бензоил пероксиду и любому другому компоненту препарата
  • энтерит, язвенный колит, антибиотико-ассоциированный колит, псевдомембранозный колит (существующий или в анамнезе)
  • детский возраст до 12 лет
  • линкомицинге, клиндамицинге, бензоил пероксидке немесе препараттың кез-келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық
  • энтерит, ойық жаралы колит, антибиотикпен астасқан колит, жалғанжарғақшалы колит (бар немесе сыртартқыдағы)
  • 12 жасқа дейінгі балалар

Побочные действия геля дуака

Данные по эффективности и безопасности были получены из пяти рандомизированных двойных слепых исследований у 1319 пациентов с лицевыми acne vulgaris.

Частота встречаемости определялась следующим образом: очень часто (> 1/10), часто (1/100 и < 1/10), нечасто (1/1000 и < 1/100), редко (1/10000 и <1/1000) и очень редко (<1/10000).

Очень часто
  • эритема, шелушение, сухость кожи в месте нанесения препарата
Часто
  • чувство жжения
Нечасто
  • парестезии в месте нанесения препарата
  • дерматит, зуд, эритематозная сыпь в месте нанесения препарата, обострение основного заболевания
Постмаркетинговые данные

Редко
  • аллергические реакции, включая реакции гиперчувствительности и анафилаксия
  • колит (включая псевдомембранозный колит), геморрагическая диарея, диарея, боль в области живота
  • крапивница в месте нанесения препарата
  • реакции в месте нанесения препарата, включая изменение цвета
При использовании геля с концентрацией бензоил пероксида 3%, помимо вышеуказанных реакций отмечалось развитие фоточувствительности в месте нанесения препарата, что регистрировалось как частый побочный эффект.

В клинических исследованиях при использовании исключительно клиндамицина в виде местных аппликаций, отмечалось развитие побочных реакций в виде головной боли и боли в месте нанесения, что регистрировалось как частый побочный эффект.
Тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі мәліметтер бетінде acne vulgaris бар 1319 емделушідегі бес рандомизацияланған салыстырмалы жасырын зерттеулерден алынды.

Кездесу жиілігі төмендегідей анықталды: өте жиі (> 1/10), жиі (1/100 және < 1/10), жиі емес (1/1000 және < 1/100), сирек (1/10000 және <1/1000) және өте сирек (<1/10000).

Өте жиі
  • эритема, препаратты жаққан жердегі терінің қабыршақтануы, құрғауы
Жиі
  • шымылдатып ашыту сезімі
Жиі емес
  • препаратты жаққан кездегі парестезиялар
  • дерматит, қышыну, препаратты жаққан жердегі эритематоздық бөртпе, негізгі аурудың өршуі
Постмаркетингтік мәліметтер

Сирек
  • аса жоғары сезімталдық реакциясын қоса, аллергиялық реакциялар, және анафилаксия
  • колит (жалғанжарғақшалы колитті қоса), геморрагиялық диарея, диарея, іш тұсының ауыруы
  • препаратты жаққан жердегі есекжем
  • препаратты жаққан жердегі реакциялар, түсінің өзгеруін қоса
Бензоил пероксид концентрациясы 3% гельді пайдаланғанда жоғарыда аталған реакциялардан бөлек, препаратты жаққан жерде фотосезімталдықтың дамығаны байқалған, бұл жиі кездесетін жағымсыз әсері ретінде тіркелген.

Клиникалық зерттеулерде тек қана клиндамицинді жергілікті аппликациялар ретінде пайдаланғанда, бас ауыруы және жаққан жердің ауыруы түріндегі жағымсыз реакциялардың дамығаны білінген, бұл жиі кездесетін жағымсыз әсері ретінде тіркелген.

Особые указания к применению

Следует избегать контакта препарата Дуак со слизистыми ротовой области, глаз, губ, поврежденными или раздраженными участками кожи.

В случае случайного контакта рекомендуется промыть область нанесения обильным количеством воды.

У большинства пациентов в первые недели применения препарата может развиться чрезмерная сухость и покраснение кожи, в случае чего, в зависимости от тяжести указанных симптомов, рекомендуется пользоваться увлажняющими средствами, временно снизить частоту нанесения препарата или же полностью отменить его применение на какое-то время; тем не менее, эффективность препарата Дуак не была исследована при применении препарата реже, чем 1 раз в сутки.

При одновременном назначении сопутствующей терапии для лечения акне следует соблюдать осторожность, особенно при применении пилинга, абразивного мыла и косметических средств, оказывающих подсушивающее действие, так как может наблюдаться кумулятивный раздражающий эффект, иногда тяжелой степени тяжести.

При развитии раздражения тяжелой степени (выраженная эритема, сухость и жжение), препарат Дуак должен быть отменен.

Бензоил пероксид может усиливать чувствительность к солнечному свету, в связи с чем ультрафиолетовые лампы не должны назначаться параллельно с препаратом Дуак. Воздействие солнечных лучей на кожу также должно быть сведено к минимуму. Если не удается избежать нахождения под прямыми солнечными лучами, необходимо использовать защитный крем и одежду. Если у пациента имеются солнечные ожоги, они должны быть вылечены до назначения препарата Дуак.

Продукт может обесцветить волосы или цветные ткани, в связи с чем не допускайте контакта препарата с волосяным покровом, тканями, мебелью, ковролановыми покрытиями.

Псевдомембранозный колит
При применении большинства антибиотиков, включая клиндамицин, выявлялись случаи развития псевдомембранозного колита, который может варьировать от легкой до жизне-угрожающей степени, который развивается на протяжении нескольких недель терапии. Даже несмотря на местное применение клиндамицина в составе препарата Дуак, в случае развития затяжной или значительной диареи или появлении спазмов в области живота, применение препарата Дуак должно быть отменено немедленно, а пациент должен быть отправлен на дальнейшие обследование, так как данные симптомы могут указывать на развитие антибиотико-ассоциированного колита.

Резистентность к клиндомицину
Бензоил пероксид снижает развитие резистентности микроорганизмов к клиндамицину. Тем не менее, у пациентов, получавших в недавнем времени терапию эритромицином или клиндамицином, следует определить чувствительность к Propionibacteium acnes и другим симбионтам перед началом применения препарата Дуак.

Перекрестная резистентность
Была выявлена перекрестная резистентность между клиндамицином и линкомицином. Резистентность к клиндамицину часто ассоциируется с резистентностью к эритромицину.

Беременность и период лактации
Нет данных о применении препарата Дуак во время беременности. Существуют ограниченные данные применения у беременных женщин клиндамицина и бензоил пероксида по отдельности. Не ожидается какого-либо влияния препарата Дуак на при его применении у беременных женщин в связи с местным использованием препарата и его низкой системной экспозицией. Тем не менее, применение препарата Дуак рекомендуется только тогда, когда польза для матери превышает потенциальный риск для плода. Нет данных о применении препарата Дуак во время лактации. Чрезкожная абсорбция клиндомицина и бензоил пероксида крайне низка, тем не менее, неизвестно, выделяются ли данные компоненты с грудным молоком после их местного нанесения. Известно, что клиндамицин выделяется с грудным молоком после его парентерального введения или приема внутрь. Применение препарата Дуак рекомендуется только тогда, когда польза для матери превышает потенциальный риск для ребенка. Во избежание непредвиденного заглатывание препарата ребенком во время кормления, нельзя наносить Дуак на лактирующую железу.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Исследований не проводилось. На основании имеющихся данных не ожидается какого-либо эффекта на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами.
Дуак препаратының ауыз қуысының, көздің, еріннің шырышты қабықтарына, терінің зақымданған немесе тітіркенген бөліктеріне тиюін болдырмау керек.

Байқамай тиіп кеткен жағдайда, жағылған тұсты мол көлемдегі сумен жуып-шаю ұсынылады.

Емделушілердің көпшілігінде препаратты қолданудың арғашқы апталарында терінің шамадан тыс құрғауы мен қызаруы дамуы мүмкін, бұндай жағдайларда аталған симптомдардың ауырлығына байланысты ылғалдағыш заттарды пайдалану, препараттың жағу жиілігін уақытша азайту немесе оны қолдануды қандай-да бір уақытқа толығымен тоқтату ұсынылады; дегенмен, препаратты тәулігіне 1 реттен сирек қолданғандағы Дуак препаратының тиімділігі зерттелмеген.

Акнені емдеуге арналған қатарлас емді бір мезгілде тағайындағанда, әсіресе пилингті, абразивтік сабынды және құрғататын әсері бар косметикалық заттарды қолданғанда сақ болу керек, өйткені, кейде дәрежесі ауыр кумулятивтік тітіркендіргіш әсері байқалуы мүмкін.

Ауыр дәрежелі тітіркену дамыса (айқын эритема, құрғау және шымылдатып ашыту), Дуак препараты тоқтатылуы тиіс.

Бензоил пероксид күн сәулесіне сезімталдықты күшейтуі мүмкін, соған байланысты ультракүлгін шамдар Дуак препаратымен параллель тағайындалмауы тиіс. Күн сәулесінің теріге әсері де барынша азайтылуы тиіс. Егер тікелей күн сәулесінің астында қалмау мүмкін болмаса, қорғағыш крем мен киімді қолдану қажет. Егер емделушіде күнге күйген жерлер болса, олар Дуак препаратын тағайындағанға дейін емделуі тиіс.

Өнім шашты немесе түрлі-түсті тіндерді түссіздендіруі мүмкін, соған байланысты препараттың түкті жабындарымен, тіндермен, жиһазбен, ковролан жабындармен жанасуына жол бермеңіз.

Жалғанжарғақшалы колит
Клиндамицинді қоса, антибиотиктердің көпшілігін қолданғанда жалғанжарғақшалы колит дамыған жағдайлар анықталған, олар жеңілден өмірге қауіп төндіретін дәрежеге дейін ауытқып тұруы мүмкін, бұл емдеудің бірнеше аптасы бойына дамиды. Дуак препаратының құрамындағы клиндамициннің тіпті жергілікті қолданылғанына қарамастан, ұзаққа созылған немесе елеулі диарея дамыған немесе іш тұсында түйілулер пайда болған жағдайда, Дуак препаратын қолдану дереу тоқтатылуы, ал емделуші ары қарай тексеруге жіберілуі тиіс, өйткені бұл симптомдар антибиотикпен астасқан колиттің дамуын көрсетуі мүмкін.

Клиндомицинге резистенттілік
Бензоил пероксид микроорганизмдердің клиндамицинге резистенттілігінің дамуын төмендетеді. Дегенмен, жақын арада эритромицинмен немесе клиндамицинмен ем қабылдаған емделушілерде Дуак препаратын қолдануды бастар алдында Propionibacteium acnes-ке және басқа симбионттарға сезімталдықты анықтап алу керек.

Айқаспалы резистенттілік
Клиндамицин мен линкомициннің арасында айқаспалы резистенттілік анықталған. Клиндамицинге резистенттілік көбінесе эритромицинге резистенттілікпен астасады.

Жүктілік және лактация кезеңі
Дуак препаратының жүктілік кезінде қолданылуы туралы мәліметтер жоқ. Клиндамицин мен бензоил пероксидтің жүкті әйелдерде жеке-жеке қолданылуы туралы мәліметтер шектеулі. Дуак препаратын жүкті әйелдерде қолданғанда, препараттың жергілікті пайдаланылуына және оның жүйелік экспозициясының төмендігіне байланысты, оның қандай-да бір әсері күтілмейді. Дегенмен, Дуак препаратын тек анасы үшін пайдасы ұрық үшін ықтимал қауіптен асатын жағдайда ғана қолдануға болады. Дуак препаратын лактация кезінде қолдану жөнінде мәліметтер жоқ. Клиндомицин мен бензоил пероксидтің тері арқылы сіңірілуі өте төмен, дегенмен, бұл компоненттердің оларды жергілікті жаққаннан кейін емшек сүтімен бөлініп шығатын-шықпайтындығы белгісіз. Клиндамициннің оны парентеральді енгізгеннен немесе ішке қабылдағаннан кейін, емшек сүтімен бөлініп шығатындығы белгілі. Дуак препаратын қолдану тек анасы үшін пайдасы ұрық үшін ықтимал қауіптен асатын жағдайда ғана ұсынылады. Препаратты бала емізіп жатқан кезде сәбидің аңдаусызда жұтып қоюын болдырмас үшін, Дуакты емізіп жүрген емшекке жағуға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зерттеулер жүргізілмеген. Қолда бар мәліметтердің негізінде көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне қандай-да бір әсері күтілмейді.

Дозировка и способ применения

Взрослые и подростки старше 12 лет

Препарат Дуак предназначен только для наружного применения. Препарат Дуак наносится 1 раз в сутки тонким слоем в виде аппликаций на пораженные участки после тщательного очищения кожи мягким очищающим средством и теплой водой. Перед нанесением убедитесь, что после умывания кожа полностью высохла.
Если гель не наносится на кожу свободно, Вы взяли слишком большое количество препарата. Чрезмерное нанесение геля не уменьшает симптомы воспаления кожи, а приводит к дополнительному раздражению кожных покровов.

После нанесения геля необходимо вымыть руки. Возможно, пациенту потребуется дополнительное увлажнение кожных покровов. При развитии повышенной сухости кожи и ее шелушения рекомендуется снизить частоту нанесения геля, но эффективность проводимой терапии не была исследована при нанесении препарата реже, чем один раз в сутки.

Рекомендуемый период использования препарат Дуак зависит от клинического ответа пациента, но лечение не должно превышать 12 недель беспрерывного применения, а в случае продолжающейся терапии лечащий врач должен оценить пользу от применения препарата.

Дети
Эффективность и безопасность препарата Дуак не исследовалась у детей младше 12 лет, поэтому его применение у данной возрастной группы не рекомендуется.

Пожилые
Специфические рекомендации отсутствуют.

Пациенты с нарушением функции почек
Коррекции дозы не требуется, так как чрезкожная абсорбция клиндамицина и бензоила пероксида низка при их наружном применении, и почечная недостаточность не будет влиять на системную экспозицию препарата.

Пациенты с нарушением функции печени
Коррекции дозы не требуется, так как чрезкожная абсорбция клиндамицина и бензоила пероксида низка при их наружном применении, и печеночная недостаточность не будет влиять на системную экспозицию препарата.
Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер

Дуак препараты тек сыртқа қолдануға арналған. Дуак препараты теріні жұмсақ тазартқыш затпен және жылы сумен мұқият тазартқаннан кейін тәулігіне 1 рет, аппликация түрінде жұқа қабаттап жағылады. Жағар алдында терінің жуғаннан кейін толығымен құрғағанына көз жеткізіңіз.

Егери гель теріге еркін жағылмаса, Сіз препараттың тым көп мөлшерін алғансыз. Гельді шамадан тыс жағу терінің қабыну симптомдарын азайтпайды, ал тері жабындарының қосымша тітіркенуіне алып келеді. Гельді жаққанан кейін қолды жуу қажет. Емделушіге тері жабындарын қосымша ылғалдау қажет болуы мүмкін.

Терінің қатты құрғауы мен оның қабыршақтануы дамыса, гельді жағу жиілігін азайту ұсынылады, бірақ жүргізілген емнің препаратты тәулігіне бір реттен сирек жаққан кездегі тиімділігі зерттелмеген. Дуак препаратының ұсынылатын пайдаланылу кезеңі емделушінің клиникалық жауабына тәуелді, бірақ емдеу 12 апта үздіксіз қолданудан асырылмауы тиіс, ал ұзағырақ емдеген жағдайда емдеуші дәрігер препаратты қолданудың пайдасына баға беруі тиіс.

Балалар
Дуак препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі 12 жастан кіші балаларда зерттелмеген, сондықтан оны бұл жас тобындағыларға қолдану ұсынылмайды.

Егде жастағылар
Арнайы ұсынымдар жоқ.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар емделушілер
Дозасын түзету қажет емес, өйткені клиндамицин мен бензоил пероксидтің тері арқылы сіңірілуі оларды сыртқа қолданғанда төмен және бүйрек жеткіліксіздігі препараттың жүйелік экспозициясына әсер етпейді.

Бауыр функциясының бұзылуы бар емделушілер
Дозасын түзету қажет емес, өйткені клиндамицин мен бензоил пероксидтің тері арқылы сіңірілуі оларды сыртқа қолданғанда төмен және бауыр жеткіліксіздігі препараттың жүйелік экспозициясына әсер етпейді.

Взаимодействие с лекарствами

Специфических исследований по взаимодействия препарата Дуак и других лекарственных средств не проводилось.

Препарат Дуак не должен назначаться в комбинации с продуктами, содержащими эритромицин, в связи с возможным антагонизмом между эритромицином и клиндамицином.

Клиндамицин обладает нейромышечными блокирующими свойствами, что может усиливать действие других нейромышечных блокаторов. Таким образом, препарат Дуак должен применяться с осторожностью у пациентов, принимающих вышеуказанные препараты.

Совместное применение препарата Дуак и третиноина, изотретиноина и тазаротена не рекомендуется, так как бензоил пероксид может снижать активность данных препаратов и приводить к усилению раздражения кожных покровов. Если невозможно отказаться от данной комбинации, препарат Дуак и остальные препараты должны применяться в разное время (один препарат – утром, другой – вечером).

Использование препаратов для местного применения, содержащих бензоил пероксид (как и сульфонамидносодержащие продукты), может привести к временному изменению цвета кожи и волосков лица (желтый/оранжевый цвет).
Дуак препараты мен басқа дәрілік заттардың өзара әрекеттесуіне спецификалық зерттеулер жүргізілмеген.

Эритромицин мен клиндамициннің арасында антагонизм болуы мүмкіндігіне байланысты, Дуак препараты құрамында эритромицин бар өнімдермен біріктіріліп тағайындалмауы тиіс.

Клиндамициннің нейробұлшықеттік бөгегіштік қасиеттері бар, бұл басқа нейробұлшықет блокаторларының әсерін күшейтуі мүмкін. Осылайша, жоғарыда аталған препараттарды қабылдап жүрген емделушілерде Дуак препараты сақтықпен қолданылуы тиіс.

Дуак препараты мен третиноинді, изотретиноинді және тазаротенді бірге қолдану ұсынылмайды, өйткені бензоил пероксид бұл препараттардың белсенділігін төмендетуі және тері жабындарының тітіркенуінің күшеюіне алып келуі мүмкін. Егер бұл біріктірілімнен бас тарту мүмкін болмаса, Дуак препараты мен қалған препараттар әр түрлі уақытта қолданылуы тиіс (бір препарат – таңертең, басқасы – кешке).

Құрамында бензоил пероксид бар (құрамында сульфонамид бар өнімдер сияқты), жергілікті қолдануға арналған препараттарды пайдалану бет терісі түсінің және түктерінің уақытша өзгеруіне (сары/қызыл-сары түске) алып келуі мүмкін.

Передозировка дуаком в геле

Симптомы: выраженная степень раздражения, что требует отмены препарата до полной регенерации кожных покровов. В случае случайного заглатывания препарата, возможно развитие гастроинтестинальных побочных реакций, которые проявляются при систематическом использовании клиндамицина.

Бензоил пероксид: при местном применении не всасывается в концентрациях, допустимых для развития системных эффектов.

Клиндамицин: при всасывании в больших количествах возможно развитие системных эффектов.

Лечение: отмена препарата, симптоматическое лечение. В случае заглатывания препарата, необходимо наблюдение пациента в токсикологическом отделении местной клиники.
Симптомдары: жоғары дәрежелі тітіркену, бұл препаратты тері жабындарының толық регенерациясына дейін тоқтатуды қажет етеді. Препаратты байқамай жұтып қойған жағдайда, гастроинтестинальді жағымсыз реакциялары дамуы мүмкін, ол клиндамицинді жүйелі пайдаланғанда білінеді.

Бензоил пероксид: жергілікті қолданылғанда жүйелі әсерлердің дамуы үшін жеткілікті концентрацияларда сіңбейді.

Клиндамицин: жоғары мөлшерде сіңген болса, жүйелі әсерлер дамуы мүмкін.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем. Препаратты жұтып қойған жағдайда, емделушіні жергілікті емхананың токсикологиялық бөлімшесінде қадағалау қажет.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Клиндамицин
Клиндамицина фосфат быстро гидролизуется до клиндомицина при помощи фосфатазы кожи и метоболизируется до клиндамицина сульфоксида. Значитильный уровень клиндомицина был выявлен в содержимом угревой сыпи пациентов, применявших его на протяжении двух недель. Нет доказательств, подтверждающих эффект кумуляции клиндамицина при его многократном использовании. Клиндамицин метаболизируется в печени до активных и неактивных метаболитов. Период полувыведения клиндамицина составляет приблизительно 9 часов и выводится преимущественно с мочой в виде соединений. При местном использовании клиндамицина его выведение с мочой составляет менее 0.06%.

Бензоила пероксид
Бензоила пероксид адсорбируется кожными покровами, где метоболизируется до бензойной кислоты. При местном применении менее 5% препарата попадает в системный кровоток, где циркулирует в виде бензойной кислоты и выводится вместе с мочой.

Клиндамицин + бензоила пероксид
Присутствие бензоила пероксида в составе лекарственного средства не влияет на абсорбцию клиндамицина и на его выведение.
Клиндамицин
Клиндамицин фосфаты тері фосфатазасының көмегімен клиндомицинге дейін жылдам гидролизденеді және клиндамицин сульфоксидіне дейін метоболизденеді. Клиндомициннің едәуір деңгейі оны екі апта бойы қолданған емделушілердің безеу бөртпесінің ішінде анықталған. Оны көп пайдаланғанда клиндамициннің жинақталу әсерін растайтын дәлелдер жоқ. Клиндамицин бауырда белсенді және белсенді емес метаболиттерге дейін метаболизденеді. Клиндамициннің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 9 сағатты құрайды және көбінесе несеппен қосылыстар түрінде шығарылады. Клиндамицинді жергілікті пайдаланғанда оның несеппен шығарылуы 0.06%-дан азды құрайды.

Бензоил пероксид
Бензоил пероксидін тері жабындары сіңіреді, ол жерде бензой қышқылына дейін метоболизденеді. Жергілікті қолданғанда препараттың 5 %-дан азы жүйелі қан ағымына түседі, ол жерде бензой қышқылы түрінде айналымда болады және несеппен бірге шығарылады.

Клиндамицин + бензоил пероксид
Дәрілік заттың құрамында бензоил пероксиді болуы клиндамициннің сіңірілуіне және оның шығарылуына әсер етпейді.

Фармакодинамика

Клиндамицин является линкозамидным антибиотиком с бактериостатическим действием в отношении грамположительных аэробных микроорганизмов и широкого спектра анаэробных бактерий. Линкозамиды, такие как клиндамицин, связываются с 50S субъединицей бактериальной рибосомы и подавляют ранние стадии синтеза белка. Действие клиндамицина преимущественно бактериостатическое, хотя высокие концентрации могут оказывать медленное бактерицидное действие против чувствительных штаммов.

Хотя клиндамицина фосфат является неактивным in vitro, быстрый гидролиз in vivo превращает это соединение в активный клиндамицин. Активность клиндамицина продемонстрирована клинически при лечении комедонов у пациентов с акне при уровнях, достаточных для активности препарата против большинства штаммов Propionibacteium acnes. Клиндамицин in vivo ингибирует все протестированные культуры Propionibacteium acnes (MIC 0,4 мкг/мл). После применения клиндамицина процент свободных жирных кислот на поверхности кожи снижался приблизительно с 14 до 2%, а также снижался уровень воспаления за счет подавления хемотаксиса лейкоцитов.

Бензоила пероксид – высоколипофильный оксидант с бактерицидным и мягким кератолитическим действием. Добавление бензоила пероксида снижает потенциал появления организмов, резистентных к клиндамицину.

Бензоила пероксид эффективен для лечения вульгарных угрей, в особенности, вызванных Propionibacteium acnes. Кроме того, он противодействует чрезмерному продуцированию кожного сала, ассоциирующегося с развитием акне.

Резистентность и перекрестная резистентность

Терапия акне при помощи монотерапии антибиотиками для приема внутрь и антибиотиками для местного применения (клиндамицин и эритромицин) ассоциировались с развитием противомикробной устойчивости как к

Propionibacteium acnes, так и к организмам-симбионтам (Staphylococcus aureus, Streptococcus pyogenes). Применение клиндамицина может привести к развитию резистентности к вышеуказанным организмам.

Бензоила пероксид обладает бактерицидным эффектом. В процессе его применения не было выявлено развития устойчивости к Propionibacteium acnes, а также подтверждено, что его комбинация с клиндамицином снижает уровень резистентности последнего.

Распространенность приобретенной резистентности может варьировать в зависимости от географического местоположения и времени. Желательно иметь данные о резистентности микроорганизмов в конкретном регионе перед началом терапии.
Клиндамицин грамоң аэробты микроорганизмдер мен анаэробты бактериялардың кең ауқымына қатысты бактериостатикалық әсері бар линкозамидтік антибиотик болып табылады. Клиндамицин сияқты линкозамидтер бактериялық рибосоманың 50S суббірлігімен байланысады және ақуыз синтезінің ерте сатыларын бәсеңдетеді. Жоғары концентрациялары сезімтал штамдарға қарсы баяу бактерицидті әсер ете алса да, клиндамициннің әсері көбінесе бактериостатикалық.

Клиндамицин фосфаты in vitro белсенді емес болып табылса да, in vivo жылдам гидролизі бұл қосылысты белсенді клиндамицинге айналдырады. Клиндамициннің белсенділігі акнесі бар емделушілердегі комедондарды емдеуде препараттың Propionibacteium acnes штамдарының көпшілігіне қатысты белсенділігі үшін жеткілікті деңгейлерінде клиникалық тұрғыдан көрінген. Клиндамицин in vivo барлық тестіленген Propionibacteium acnes (MIC 0,4 мкг/мл) өсірінділерін тежейді. Клиндамицинді қолданғаннан кейін тері беткейіндегі бос май қышқылдарының пайызы шамамен 14-тен 2%-ға дейін төмендеген, сондай-ақ лейкоциттер хемотаксисінің бәсеңдеуі есебінен, қабыну деңгейі төмендеген.
Бензоил пероксид – бактерицидтік және жұмсақ кератолитикалық әсері бар липофильділігі жоғары оксидант. Бензоил пероксид қосу клиндамицинге резистентті организмдердің пайда болу потенциалын төмендетеді.

Бензоил пероксид өрескел, әсіресе Propionibacteium acnes тудырған безеулерді емдеу үшін тиімді. Бұдан өзге, ол акненің дамуымен астасатын терідегі майдың шамадан тыс өндірілуіне қарсы әрекет етеді.

Резистенттілік және айқаспалы резистенттілік

Акнені ішке қабылдауға арналған антибиотиктер және жергілікті қолдануға арналған антибиотиктер (клиндамицин және эритромицин) монотерапиясы көмегімен емдеу Propionibacteium acnes-ке де, симбионт организмдерге де (Staphylococcus aureus, Streptococcus pyogenes) қатысты микробқа қарсы төзімділіктің дамуымен астасқан. Клиндамицинді қолдану жоғарыда аталған организмдерге резистенттіліктің дамуына алып келуі мүмкін.

Бензоил пероксидтің бактерицидтік әсері бар. Оны қолдану барысында Propionibacteium acnes-ке төзімділіктің дамығаны анықталмаған, сондай-ақ оның клиндамицинмен біріктірілімі соңғысының резистенттілік деңгейін төмендетіні расталған.

Жүре пайда болған резистенттіліктің таралуы географиялық орналасуы мен уақытқа байланысты ауытқып тұруы мүмкін. Емдеуді бастар алдында нақты бір аймақтағы микроорганизмдердің резистенттілігі туралы мәліметтер болғаны дұрыс.

Упаковка и форма выпуска

Гель для наружного применения. По 15 г в тубы алюминиевые, запечатанные мембраной и закрытые полиэтиленовой завинчивающейся крышкой. По 1 тубе вместе с инструкцией по применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Сыртқа қолдануға арналған гель. 15 г-ден жарғақшамен желімденген және бұралатын полиэтилен қақпақпен жабылған алюминий сықпаларда. 1 сықпадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынады.